Сүт дайындауға инвестиция салу

2014 жылы қарашада «Междуреченск Агро» фермасында сиырларға арналған «жаңа қора» пайдалануға берілді. Шамамен үш жарым мың шаршы метр алаңды алып жатқан сиыр қораның құрылысы озық еуропалық технология бойынша жарты жылдан астам уақыт бойы салынды.

Жаңа сиыр қорада сиырларды қарап-бағуға байланысты процестердің бәрі ұсақ-түйегіне дейін автоматтандырылған. Ғимарат ыңғайлы желдету және температураны ұстап тұру жүйесімен, оның ішінде ауа циркуляциясына арналған бүйірлік қақпаларды ашудың роботталған реттеуішімен жабдықталған. Азықты азық таратқыш азық жейтін үстелге қояды. Мал қора арнайы тазалау машинасымен тазаланады.

Алматы облысындағы фермада екі тұқымды сиырлар өсіріледі: голштиндік қара-ала және қоңыр швицті, ол көбіне алатау деген атаумен танымал. Сиырларды күн сайын ветеринар дәрігер тексереді, бұл ірі қара малдың сапасы мен денсаулығын қамтамасыз етеді. Теңдестірілген азықтың арқасында Междуреченск ауылындағы  «ФудМастер» фермасының сиырлары бір рет сауған кезде 16 литрден аса сүт береді, рекорд жасаған сиырлар да бар: олардың көрсеткіші – 20 литр.

Орташа алғанда, әр сиыр жылына 6 500 литр сүт береді, бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен үш есе жоғары.

Азықтандыру рационы да, асыл тұқымды табынның бұзаулау процесі де үнемі реттеліп отыратындықтан, бір  маусымнан екінші маусымға дейінгі сауын төмендемейді, керісінше тұрақты түрде өседі. Жаңа сиыр қора 2019 жылға қарай ірі қара мал басын да (800 басқа дейін), сүт алуды да (жылына 6 200 000 литрге дейін) екі есе өсіруге мүмкіндік береді.

Фермамыздағы инвестициялық жобалар туралы толық ақпаратты +7(727) 2446000 (2616) телефонынан ала аласыз.