Logo_FM-1

ФудМастердің жаңа логотипі. Дәстүрді сақтап, көштен қалмай келеміз!

ФудМастер компаниясы 1995 жылы құрылды, қазіргі таңда Қазақстандағы сүт өнімдерінің алдыңғы қатарлы компаниясы және сүйікті брендтердің бірі болып табылады.

Шығарылатын өнімдер – заманауи және дәмді жаңа өнімдер, жоғары сапа стандарттарына жауап береді. Фермадан бастап дүкенге дейінгі өндірістің барлық кезеңінде өндіретін   сүтіне деген ұқыпты қарым-қатынастың көп жылдар бойғы тәжірибесі – бұл тұтынушыларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі ғана емес, сондай-ақ жоғары жауапкершілік мәселесі.

Брендті дамытуға жұмыс істей отырып, біз заманға сай болуға, заманауи имиджге ие болуға тырысамыз, сондықтан да ФудМастердің логотипін өзгерту туралы шешім қабылданды, бұл логотип компания құрылған кезден бастап мүлдем өзгермеген болатын.

Жаңартылған логотипте жұмысымыздың мәні мен негізгі қағидаттары көрініс тапқан.

Сүт тамшысы.

Метафоралап айтатын болсақ, ФудМастердің жүрегі — өте жоғары сапалы сүт. Сондықтан да компанияның сүт өнімдерінің бәрі өте дәмді әрі табиғи болады.

Жасыл жапырақтар.

Экологиялық таза екендігінің белгісі, компания өнімдерінің табиғилығын, сондай-ақ табиғатқа ұқыпты қарым-қатынасты білдіреді. Жеке фермерлік шаруашылық пен сиырлар – ФудМастер компаниясының мақтанышы.

Пішіні мен көк түсі.

Компания дамуының ең үздік дәстүрлерінің мұрасын және оған шын берілуді сақтап, өзгеріссіз қалды, бұл тұтынушылардың өмірін жақсарту әрі оларды бақытты етуге ұмтылумен байланысты.

Жаңа логотипі бар өнімнің қаптамаларын сөрелерден 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап байқадыңыздар.