load_logo

«ФудМастер» компаниясының тарихы 1995 жылдан басталады, сол тұста жас бизнесмендер тобы сүтті мал шаруашылығы дәстүрлеріне бай Қазақстан йогурт сияқты керемет өнімнен бейхабар екендігі және неге өндірмейді деген мәселені алға қояды. Есік қ. сүт зауытының цехын жалға алған «ФудМастер» Қазақстанда алғаш болып йогурт өндіре бастады. 2015 жылы компания 20 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Қазіргі таңда Компанияның үш зауыты, 16 сауда филиалы және екі жеке сүт-тауар фермасы бар. «ФудМастер» компаниясы Қазақстан нарығында сүт өнімдерін өндіру бойынша көш бастап келеді, сондай-ақ республика аумағында көптеген сүт өнімдері түрлерінің өндірісін алғаш болып іске қосқан да осы компания.

Компания отандық өндірушілер арасында өнімдердің ең көп түрін өндіреді және де қазақстандықтардың талғамы мен сұранысын қанағаттандыруға күш-жігерін жұмсайды. Айран, қаймақ, «Үй» сүзбесі, «Дольче» йогурттері, «БИО-С Имун+» ұйыған сүті сияқты көптеген басқа да өнімдер тұтынушылардың көңілінен шыққан.

2004 жылдан бастап «ФудМастер» компаниясы әлемнің көптеген түрлі елінде 200-ден аса кәсіпорынды біріктірген, жоғары сапалы сүт өнімдерін өндіру бойынша әлемдегі көшбасшы – халықаралық «Лакталиc» (Франция) тобына енді.

lactalis

«ФудМастер» компаниясының негізгі міндеті Қазақстандағы сүт өндірісін тұрақты дамыту және республика халқын әлемдік сапа стандарттарына сай табиғи ингредиенттерден дайындалған өніммен үздіксіз қамтамасыз етуді жолға қою болып табылады.