Есік қ. «ФудМастер» сүт зауыты

issyk-zavod 1995 жылы Есік қаласының сүт зауыты негізінде құрылды.

Бұл Қазақстан нарығына жоғары сапалы отандық йогурт шығарған алғашқы кәсіпорын. Бүгінде заманауи жоғары технологиялы зауыт тәулігіне 150 тоннаға дейін сүт өнімдерін өңдеуге қабілетті. Контактісіз өндірістің озық технологиялары мен барлық жабдықты автоматтандырылған зарарсыздандыру және тазалау жүйелерінің арқасында «ФудМастер» сүт зауыты жоғары сапалы сүт өнімдерінің мол түрін өндіріп шығарады.

Есік қ. сүт зауыты аумағында 1998 жылы жаңадан ультрапастерленген сүт өндіретін зауыт салынды, аталмыш зауыт швед компаниясының бүкіл әлемге танымал жоғары технологиялы «Тетра Пак» желілерінде ультрапастерленген сүт өндіру бойынша Қазақстандағы алғашқы зауыт болды.

2004 жыл – «ФудМастер Компаниясы» АҚ беделді халықаралық TUV Reinland (Германия) сертификаттаушы органының сертификатына ие болды.

2010 жыл – «ФудМастер-Есік» зауытында халықаралық Тәуекелдер мен қауіпті орындарға анализ жасау жүйесі (ТҚОАЖ) енгізілді.

 

«ФудМастер-Шымкент» зауыты

shymkent-zavod 1998 жылы «ФудМастер» компаниясының Оңтүстік Қазақстан облысы Көксәйек ауылындағы бөлімшесі ретінде құрылған.

«ФудМастер»-дің барлық кәсіпорындары сияқты компания қолданысында бар, жалпы сапа талаптарына жауап беретін өнім өндіретін жоғары технологиялы сүт зауыты болып табылады.

2011 жыл – 5 маусымда мерекеленетін Бүкіләлемдік қоршаған орта күні қарсаңында халықаралық «Интерфакс» ақпараттық тобы Тұрақты өндіру және тұтыну орталығымен бірлесе отырып (Алматы) Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының түбегейлі тиімділігін (экологиялық және энергетикалық) бағалау нәтижелерін ұсынды. Түбегейлі тиімділіктің жеке компоненттері, атап айтқанда, кәсіпорын тиімділігінің қарқындылығы бойынша «ФудМастер-Шымкент» зауыты көшбасшы болды.

 

«ФудМастер-Павлодар» зауыты

pzvlodar-zavod «ФудМастер» компаниясының құрамында зауыт тарихының басталуы 2009 жыл деп саналады, сол жылы Павлодар сүт зауытына ауқымды жетілдіру жұмыстары жүргізілді.

«ФудМастер» компаниясы кәсіпорынды қайта құруға қомақты инвестиция салды, енді тіпті, ауасына дейін зарарсыздандырылған өндірістік желілер компанияның барлық зауыттарындағы сияқты сақтау мерзімі жоғары табиғи әрі сапалы өнімді өндіруге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда «ФудМастер-Павлодар» зауыты шын мәнінде,  ең заманауи сүт өндіру алаңдарының бірі болып табылады, онда автоматтандырылған өндіру процестері мен сапаны көп сатылы бақылау жүйесі енгізілген әрі жақсы әрекет етуде.