«ФудМастер» компаниясының Алматы және Павлодар облыстарында орналасқан екі жеке ірі сүт-тауар фермасы бар. Бұл компанияның инвестицияларының арқасында дамып, ірі қара мал басын ұлғайтып келе жатқан екі заманауи сүт кешені, бүгінгі күннің өзінде Междуреченск ауылындағы фермадағы бір сиырды сауғаннан жылына 6500 литр сүт алынады, бұл республикалық орташа статистикалық көрсеткіштен үш есе артық.

 

«Междуреченск-Агро» ЖШС жеке егіндік жерлері бар, жеке азық базасы болуының арқасында сүтінің сауындылығы жоғары Алматы облысындағы ірі сүт кешені. Ферманың жеке суармалы жерлерінде сауынды сиырларды теңдестірілген жем-шөппен қамтамасыз ету үшін жоңышқа, жүгері, бидай, соя және басқа да азықтық дақылдар өсіріледі. Фермада асыл тұқымды қоңыр швиц немесе алатау (Brown Swiss) және голштин (Swiss Holstein) қоңыр сиырлары өсіріледі. Бұл сиырлар көбіне Алматы облысында кеңінен таралған, өйткені Іле Алатауының климаттық жағдайлары бұл тұқымдар үшін керемет қолайлы.

«Кирова» ЖШС – жеке егістік және жайылымдық жерлері бар үлкен фермерлік шаруашылық. Шаруашылық жерлерінің жалпы ауданы – 36 000 Га, оның – 16 000 Га – жайылымдық, ал 12 000 Га – егістік жерлер. Фермада өсірілетін жоңышқа, жүгері, сұлы, күнбағыс, арпа және т.б. дақылдар фермадағы 1000-ға жуық бас сиырдан сүт сауу мөлшерін арттыруға көмектесетін бірегей азықтық база қалыптастырады. Бұл фермада симментал тұқымы (Swiss Simmental) және қызыл голштин (Swiss Red Holstein) деген екі асыл тұқымды сиыр өсіреді.